Мақта – түркістандық шаруалардың негізгі шаруашылығы ма? 

Spread the love

– Солай десе де болады. Бірақ мақтаның бағасы егістік көлеміне айрықша әсер етеді. Айталық, осыдан біршама жыл бұрын мақтаның бағасы төмендеп, ауданымыздағы мақталықтың көлемі 3 мың гектарға дейін түсіп кеткен еді. Ал соңғы жылдары мақта бағасының тұрақты өсімі сақталғандықтан биыл мақталықтардың көлемі 10500 гектарға дейін ұлғайды. Бұдан басқа біздің шаруалар көкөніс пен бақша дақылдарын тұрақты түрде өсіріп, қаламызды қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етіп келеді. 13 мың гектар жерге мал азығы дақылдары егілген.

–  облыста ауылшаруашылығы кооперативтері көптен құрылуда. Шаруашылықтарды ірілендіру бағытындағы жұмыстар Түркістанда қалай жүріп жатыр?

– Бүгінде ауылшаруашылығы кооперативтерін құру маңызды жұмыстардың бірі болып тұр. Түркістан қаласы бойынша 900-ден астам шаруа қожалықтарының басын біріктіріп, 48 кооператив құрдық. Олар түрлі бағытта жұмыс істеп, мемлекеттің ауылшаруашылығы саласын қолдау бағытындағы қолдауға ие болуда.

Мәселен, бізде сүт қабылдау бекеттерін құру ісі шаруалардың қызығушылығын тудырып отырғанын атап айтуға болады. Кооперативке бірігіп, сүт қабылдау бекетін құрған шаруалар  ірі көлемде сүт қабылдайтын жабдықтар алу мүмкіндігіне ие болуда. Ауылшаруашылығын қолдау қоры кооперативке біріккен шаруаларға қажетті сүт қабылдайтын қондырғыны алған жағдайда оның құнының 50 пайызын субсидиялап отыр. Ал мұндай заман талабына сай жасалған жабдықтың құны 22 млн теңге тұрады. Кооператив мүшелері осы жабдықты сатып алса, ауылшаруашылығын қолдау қоры оның 50 пайызын төлеп береді. Бұл өз кезегінде шаруаларға үлкен көмек болуда. Қазіргі таңда Түркістан бойынша әр ауылда сүт қабылдайтын бекеттер ашылып, қызу жұмыстар жүріп жатыр.  Егер шаруалар сүттерін кооператив арқылы өткізген жағдайда бір литр сүтке 10 теңгеден көмекқаржы ала алады. Үкіметтің осындай шаруаларды ынталандыру бағытындағы жұмыстары өз нәтижесін беруде.

Сол сияқты 5 млн теңгеге мал сою алаңдарына қажетті жабдықтарын сатып алса, шаруалар мемлекеттің көмекқаржысына ие бола алады. Бұдан басқа мал шаруашылығы бағытында құрылған кооперативтер арқылы малын етке өткізген шаруалар әр бұқашыққа 20 мың теңгеден қолдау қаржы алып отыр. Осылайша аз ғана уақыттың ішінде ауылшаруашылығы кооперативтерін құру ісі өзінің тиімділігін көрсетіп үлгерді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *