Кентау қаласында екі жыл ішінде 900 отбасы баспаналы болады. Биылғы жылдың аяғына дейін 300-ге жуық отбасына пәтер берілсе, келер жылдың еншісінде 600-ден астам, жиыны 900 пәтер пайдалануға берілмек. Түркістан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір әрқайсысы 60 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып келеді. Анығында, құрылыс жұмыстары түгелге жуық біткен, ендігі шаруа – абаттандыру төңірегінде. Бұл жайында облыстық баспасөз қызметі: «Бүгінгі таңда қалада 5 қабатты әрқайсысы 60 пәтерлі 5 тұрғын үй аяқталуға жақын. Кентаудағы тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, бүгінгі таңда ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Және де мемлекеттік бағдарламалар арқылығ айтап айтар болсақ 7-20-25 бағдарламасы аясында да үйлер тізбесі беріледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ, Сейфуллин көшесіндегі  №116 тұрғын үйінің бүгінгі таңда ішкі әрлеу, сылақ жұмыстары жұмыстары жүргізілуде. Ал Қонаев көшесіндегі  №44А тұрғын үйдің құрылысы бойынша бүгінгі таңда 4-қабаттың қабарғаларын көтеру жұмыстары жүруде. Аталған тұрғын үйлерде 1 бөлмелі – 15 пәтер, 2 бөлмелі – 15 пәтер,  3 бөлмелі – 30 пәтер бар», — деген ақпарат берді. Демек, қазірдің өзінде нақты 300 пәтер пайдалануға берілуге дайын деген сөз. Бұл үйлердің құрылысы 2018 жылы басталған. Бес қабатты, алпыс пәтерлі 7 үйдің құрылыс жұмыстары басталып, былтыр соның екеуі пайдалануға берілген. Ал, қазір құрылысы аяқталып тұрған 5 үйге кіретін 300 отбасы былтыр үй алған 120 отбасының жалғасы деуге болады. Былтыр қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев жалпы көлемі 7294 шаршы метр үйдің ашылу салтанатында 2021 жылдың аяғына дейін 42 көпқабатты тұрғын үй салынатынын айтқан.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.