Кентау қаласы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Кентау қаласы Құшата елді мекенінде орналасқан Балауса лагеріне балалардың жазғы сауықтыру лагерінде дем алуға келген балалардың қатысуында «Жаз айларында суға шомылу кезіндегі қауіпсіз шараларды» Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, жас балалардың кінәсінен орын алатын өрттер және мекеме аумағында өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жадынамалар таратылды. Сонымен қатар сауықтыру лагеріндегі бассейнінде демалушы балаларға суға шомылу кезінде келеңсіз жағдайларға ұшыраған кезде өзін-өзі немесе суға батып бара жатқан адамға құтқару, оған дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету тәсілдері практика жүзінде назарларына жеткізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.