— Бес тұрғын үйдің құрылысы келер жылға өтпелі. 300 отбасына пәтер беріледі. Одан бөлек, 15 тұрғын үйдің жобалық- сметалық құжаттамаларын әзірледік. Бюджеттің қаржыландыруына байланысты, көпқабатты тұрғын үй салу жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастыратын боламыз. 2021 жылдың соңына дейін 42 көпқабатты тұрғын үй саламыз деген жоспарымыз бар. Нәтижесінде пәтер кезегінде тұрған көптеген қала тұрғындарының баспана мәселесі шешіледі, – деген қала әкімі. Әзірге, әкім айтқан сөз жоспар бойынша келе жатқанын айта кету керек. Былтыр 2 тұрғын үй, биыл 5 тұрғын үй болса, қазір дәл осы көрсеткіш бойынша (5 қабатты, 60 пәтерлі) 10 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Бұл құрылыс жұмыстары жүріп жатқан 10 тұрғын үйдің (жалпы көлемі 33 470 шаршы метр) құрылысы келер жылы аяқталып, пайдалануға берілуге тиіс. Былтыр бұл үйлерден бөлек қалада жас мамандарға арналған қызметтік үш үйдің құрылысы жүріп жатқаны айтылған. Үш үйдің біреуі қалада, екеуі Байылдыр мен Хантағы ауылдарында бой көтермек.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.