Әйелдер арасындағы 100 метрлік кедергіге жүгіруден жарыстың қорытындысы шықты. Жалпы командалық есеп бойынша Нұр-Сұлтан қаласы 1 орын, Ақмола облысы 2 орын, Түркістан облысы 3 орынды иемденді. Жеке есеп бойынша 1 орынды Қостанай облысынан Бажева Айнұр, 2 орынды Түркістан облысынан Тұрсын Айдана, 3 орынды Алматы қаласынан Дзолба Оксана иеленді. Республика бойынша рекордты 16,60 секундта Дзолба Оксана келіп, жаңартты.
Спортшыларымызды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта биік шыңдарды бағындыратындарына сенімімізді білдіреміз!