Отыз жылда жазылған халқымыздың тың тарихы, ел егемендігі мен тәуелсіздігінің шежіресі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Ел тәуелсіздігі тар, тайғақ жолмен келді. Елбасының өзі атап өткендей, «осы жылдар ішінде Қазақстан талай қиындықты артқа тастады, мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін басқа мемлекеттер едәуір көп уақыт құртқан еді». Тарихи қысқа мерзім ішінде халқымыз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен қызметтің барлық саласында – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, құқықтық және демократиялық мемлекетті қалыптастыру, әлеуметтік мемлекет құруға қарай қозғалыс, мемлекеттік егемендікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты одан әрі нығайту сықылды орасан зор табыстарға қол жеткізді. Қазақстанның нарықтық экономикасы бар тәуелсіз мемлекет ретінде өмір салтының, ойлау мен іс-әрекеттің түбегейлі өзгеруі есебінен қалыптасты. Елбасының саясаты «алдымен экономика, содан кейін саясат» іргелі қағидаты бойынша елді дамытуға бағытталды. Тәуелсіздіктің үш онжылдығы Қазақстан үшін экономикалық прогресс пен орнықты даму дәуіріне айналды. Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі ең табысты және ауқымды нарықтық реформаларды іске асырған көшбасшы ел ретінде танылып жатыр. Еуропалық Одақ пен АҚШ Қазақстанды посткеңестік дәуірден шыққан нарықтық экономикасы орныққан бірінші мемлекет деп мойындады. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға 350 млрд доллар тікелей шетелдік инвестициялар тартылды, бұл Орталық Азия өңіріне келетін жалпы инвестициялар ағынының 70%-ын құрайды. Бұл мемлекет басшылығы жүргізіп отырған қазақстандық қоғамдағы тұрақтылық пен келісіммен нығайтылған сенім саясатының табысты нәтижесі десек те болады. Тәуелсіздіктің он жылдығында ЖІӨ көлемі 18 есе өсті, 300 мыңнан астам жұмыс орны және 1250 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын құрылды.
Медиаон ақпарат