Ел мүддесі — Ер мүддесі

Spread the love

Қоғамдық-саяси өмірді оң бағытқа қарай өзгерту үшін өзгеден әрекет күту әлсіздің ісі. Әркім әлеуметке тигізер пайдасын өзінен бастауы керек. Әр игі бастама лайықты қолдау табуы тиіс. Мен өздеріңізден қолдау мен көмек күтемін. Сенім артып, дауыс берсеңіздер көпке қызмет етудегі күш-жігерімді шешімін күтіп отырған мәселелердің өзегін тарқатуға жұмсаймын.

Қазіргі таңда «Nur Otan» партиясының төрағасы Елбасы ұсынған Бес институционалды реформа мен Ұлт Жоспарын толыққанды жүзеге асыру жергілікті жердегі мәселелерді шешуден бастау алады. Осы бағытта билік назарын төмендегідей мәселелерге аударта отырып, олардың өз деңгейінде орындалуына барынша ықпал ететін боламын. Атап айтқанда:

– шалғай елді мекендердегі тұрғындардың тіршілік нәрін тасып ішу, сапасыз жарық, көгілдір отынның жетпеуі мен жол мәселесінің өз шешімін табуына үлес қосып, мемлекет басшысының «Игілік баршаға!» қағидасының орындалуына ықпал етуге;

– шаһар тіршілігін қамтамасыз ететін коммуналдық мекемелер мен табиғи монополия субъектілерінің қызметінде жауапкершілікті көтеру, тұтынушылар құқының сақталуы үшін сапалы жұмыс үлгісін көрсету жұмыстарының талап үдесінен табылуына басымдық беруге;

– қаладағы тозығы жеткен жылу, кәріз жүйелері, магистралды су құбырлары мен электр желілерін жаңарту жұмыстарының жүзеге асуына ықпал етуге;

– Президент пәрмен еткен «жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» жүйесінің берік орнығуы үшін қалада қолға алынған құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуы жолында халықтық бақылаудың жүйелі түрде өткізілуіне ұйытқы болуға;

– өкінішке орай қала аумағында бір кездері меншік құқығын растайтын құжатсыз үйлер салып алған азаматтар жетерлік. Заңдастырылмаған жер учаскелерін құжаттандыру шарасын жүзеге асыру бойынша жергілікті әкімдік пен қадағалушы орган өкілдерімен бірлесіп біржолғы шаралардың ұйымдастырылуына ықпал етуге;

– «Nur Otan» партиясының басым бағыттарының бірі – қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстарға көңіл аудару жолында қаланың экологиялық ахуалына қауіп әкелетін факторларды болдырмау, санитарлық тазалық жұмыстарының талапқа сай орындалуына жағдай жасауға;

– өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді пайдалануына жол ашатын түрлі жобалар дайындау мен бұқаралық спорт түрін насихаттауға;

– кейбір азаматтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі әлі күнге дейін хабарсыз болғандықтан кепілдендірілген тегін медициналық қызмет аясында ем-дом қабылдауда. Осыған орай ағымдағы жылдың 1-қаңтарынан бастап іске қосылған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуді дамытуға бар күш-жігерімді саламын.

#МағанДауысБер
#ГолосуйЗаМеня
#primaries2020
#NurOtan
#NurOtanShymkent
#NurOtanKaratau

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *