ҚР Еңбек министрлігінің айтуынша, барлығы 9 ай ішінде 93,7 мың қазақстандық Бағдарлама қатысушысы болған. Егер, алғашқы болжам бойынша бағдарламаға жыл сайын 100 мың адам қатысады деп күтілгенін айтар болсақ, бағдарламаның ел халқының түрлі санаттары арасында сұранысқа ие екендігі туралы батыл айтуға болады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде айтылғандай, бағдарлама қатысушыларының келешекте қартаюы, жұмыстан айырылып қалуы немесе денсаулығының төмендеуінің салдарынан болатын тәуекелді қатерлер олардың әлеуметтік және зейнетақылық қамтамасыз етілудің және сақтандырудың   ортақ жүйесіне тартылуы себепті едәуір төмендейтіндігі принципті маңызды жайт болып табылады.    «Бизнес жол картасы -2020»-ның  екінші бағыты – кәсіпкерлікті дамытуға көмектесу. Мемлекет мұнда да міндетті шешудің жұмыс істейтін әрі көкейкесті тетігін – шағын несиелендіруді ұсынды.   «Өндіріс аз жерде біз шағын несиелендірумен айналысамыз. Сондықтан жұмыспен қамту бағдарламасы бизнесін жалғастырғысы келетіндерге де, жаңадан бастағысы келетіндерге де шағын несие беруді көздейді», — дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. «Индустриаландыру мен урбанизация (қалалану), көші-қон өндіріс пен халықтың экономи калық өсімнің білгілі бір нүктелеріне (өңірлерге) жиналуы – дамудың өзара тығыз байланысты үрдістері.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.