«Даму» қоры кәсіпкерлерге субсидия беруде электронды құжат айналымын енгізді, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында шағын кәсіпкерлердің несиесін субсидиялау туралы «Даму» қоры, ЕДБ және кәсіпкерлер арасындағы үшжақты келісімге енді электронды форматта қол қойылады. Несиені субсидиялау түріндегі мемлекеттік қызмет түрін алу шартына бұдан былай уақыт, орналасқан жеріне қарамастан қол қоюға болады. Ол үшін тек интернет желісі мен электронды-санды қолтаңба ғана керек. «Даму» қорының басқарма төрағасы Абай Сарқұловтың айтуынша, аталған қызметтің қолжетімді болуының артықшылықтары көп. Атап айтқанда, субсидиялау туралы шарт рәсімдеуге кететін уақыт қысқарып, шығындар азаяды. «Субсидиялау туралы оң шешім шыққан соң кәсіпкерлер көмекқаржы алуға жасалған шартқа онлайн режимде қол қоя алады. Осылайша шартқа қол қою үшін (шартқа қосымша келісімге қол қою үшін де) алыс аудандардан Қор филиалына келіп немесе атшабардың қызметі үшін шығынданып қажеті жоқ. Электронды шартты онлайн түрде жасап, бірнеше секунд ішінде қол қоя аласыз. Бұған дейін субсидиялау шартына қағаз жүзінде қол қою рәсіміне 5-7 жұмыс күніне дейінгі уақыт кететін», — дейді ол. Субсидия беруде электронды құжат айналымын алғашқы болып «ЦеснаБанк» АҚ енгізді. Қор қызметтің қанатқақты сынағын сәтті жүзеге асырды. Алдағы уақытта бұл қызмет қордың барлық клиенттеріне қолжетімді болады. Бұл қызмет «Documentolog» ЖШС компаниясының электронды құжаттармен алмасудың Қазақстандық орталығы (Doc24.kz) алаңында жүзеге асырылды. Яғни, қызметті 100% қазақстандық өнім деуге болады. Несиеге субсидия алу үшін өтінім беру автоматтандырылып, биыл күзде www.egov.kz веб-порталына орналастырылады. Мұнымен қатар жылдың екінші жартысынан бастап eGov порталында 182 млн теңгеден астам несие алушыға берілетін кепілдік процесі де автоматтандырылады

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.