«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында шағын және орта бизнестің рөлін күшейту және оның ел экономикасында үлесін 2025 жылға қарай кемінде 35%-ға жеткізу міндетін қойды. 2050 жылы бұл көрсеткішті 50-ға жеткізуіміз  керек. «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы тиімділігін дәлелдеді. Шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 2018 жылы 28%-ды құрады. Шығарылған өнім көлемі 10 трлн теңгеге артты. Бұл көрсеткіш 13,3 трлн теңгеден 23,4 трлн теңге дейін ұлғайды. Ал шағын және орта бизнес саны 900 мыңнан 1,3 миллионға дейін артты», – деді ол. Асқар Маминнің айтуынша, бағдарлама аясында 94 мыңнан астам жаңа жұмыс орыны ашылды. «Жұмысты тиімді жүргізу үшін бағдарламаның барлық операторлары мен әкімдіктер арасына үйлесімді жұмысты жолға қою керек. Осыған орай ұлттық экономика министрлігіне мынадай тапсырма береміз. Бірінші, қарашаның соңына дейін «Бизнестің жол картасы — 2025« бағдарламасын қабылдауды қамтамасыз етіңіздер! Екінші, мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен осы жылдың соңына дейін бағдарламаны іске асыру үшін қажетті нормативтік актілерді қабылдау қажет. Үшінші, әкімдіктермен, «Атамекен« палатасымен және «Даму» акционерлік қоғамымен бірге жаңа бағдарламаның мүмкіндіктері туралы кәсіпкерлер арасында ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізіңіздер», – деді үкімет басшысы.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.