«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы: Созақта жылына 10 мың тонна ас тұзын өңдейтін зауыт жұмыс істейді

Spread the love

Теріскейдің индустриялық аймағында «Дархан-Ас» өндіріс кооперативінде «Йодталған ас тұзын шығаратын зауыт» жұмыс істейді. 2016 жылдың қараша айында іске қосылған зауытта бүгінге дейін 1000 тонна өнім өндіріліп, өңіріміз бен көрші облыстарға жіберілді. Бұл жөнінде Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметі ұйымдастырған Созақ ауданындағы пресс-турда белгілі болды. Жергілікті 14 тұрғынды жұмыспен қамтыған зауыт жылына 9-10 мың тоннаға дейін тұз өндіріп, облыстың тұзға деген 100 мың тонналық сұранысының 10 пайызын қамтамасыз етуге қауқарлы. Тұз өңдеу цехының басшысы Мұрат Сапаровтың айтуынша, зауыт толықтай автоматтандырылған, бір түймемен басқарылады. Сағатына 5 тоннаға дейін өңделген ас тұзын шығаратын нысан жұмысшылары шикізатты ауданның Тасты ауыл округіндегі «Бақыт таңы» тұз кенінен алады. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 6 пайызбен 70 млн теңге несие алған өндірістік кооператив бүгінге дейін қарызының 30 пайызын жауып үлгерген. Цехта 1, 5, және 10 келілік ас тұзы қапталып, буылады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *