«Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы: Кентауда жаңа өндірістік кәсіпорын іске қосылды

Spread the love

Кентау қаласы әкімдігінің 4 наурыз 2013 жылғы №93 қаулысымен, қалада жалпы алаңы 25,0 га жер телімінде индустриалды аймақ құрылды. Бүгінгі таңда индустриялды аймақта 5 жоба орналастырылып, 1998,5 млн.теңге инвестиция тартылуда.  4,3 га жер теліміне инфрақұрылым жұмыстары жүргізілді. «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасының аясында мемлекет тарапынан 1 419,3 млн теңгеге инфрақұрылым жұмыстары жүргізілді. Іске қосылған жаңа жобаның сметалық құны 867 млн теңгені құрап, өндірістік кәсіпорын соңғы типтік үлгідегі құрылғылармен жабдықталып, индустриялды аймақтан 1,6 га жер теліміне орналастырылған.  Аталған кәсіпорында көршілес Еуропа елдерінен, Аустрия, Германия, Италия, Түркия елдерінен шығарылған плазмамен кесу машинасы, беттерді игіш электромеханикалық орталық, гидравликалық пресстер, электромеханикалық револьверлі координатты тесу пресі, орау станогтары, магнитті сымдары тегістеу стөлі орамдарына арналған гидравликалық пресс, белсенді бөлшектерін престеу жүйесі, май дайындауға арналған қондырғысы сынды құрылғылар жұмыс жасауда. «ЭлектроДеталь» ЖШС «Кентау трансформатор зауыты» АҚ қажетті 35-110 кВ күштік майлы трансформаторлардың металл құрастырылымдары, 3(10)-35 кВ шкафты бұйымдар мен қосалқы стансалардың металл құрастырылымдары, 35-110 кВ күштік майлы трансформаторларының жоғары және төменгі кернеуінің орамдары шығаратын болады. Қазіргі таңда аталған кәсіпорында 50 жұмысшы жұмыс жасауда. «ЭлектроДеталь» кәсіпорны жылына 1400 дана шкафты бұйымдар мен қосалқы стансалардың металл құрастырылымдарды шығаруды жоспарлап отыр.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *