Елімізде 1 млн 600 мың микро және шағын бизнес субьектісі тіркелген. Оның 1 млн 308 мыңы экономикалық белсенді, яғни табыс тауып, салық төлейді. Былтыр ресми мәлімделгендей, қазір шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 28,5%-ды құрап отыр. Үкімет 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 35%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға жеткізбекші. Осы мақсатта «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Оған экономиканың шикізаттық емес секторындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын ашу міндеті жүктелді. Бағдарлама аясында алдағы 5 жылда шағын  және орта бизнесті дамытуға 421 млрд теңге бөлінеді. Республикалық бюджеттен мемлекеттік бағдарламаға 247,1 млрд теңге бөлінді. Айта кетейік, қолданыстағы «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы бұған дейінгі бағдарламаның жалғасы саналады. Кәсіпкерлер үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы 3 жылда микро және шағын бизнес өкілдерін табыс салығынан босату сонымен қатар шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге 3 жыл тыйым салу туралы тапсырмасы өтіп бара жатқан жылдың жағымды жаңалығының бірі болды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.