Халық тіршілігін қалыпты деңгейге жеткізу және тұрақты экономикалық дамудың басты стратегиялық факторларының бірі Қазақстанның экономикалық кеңістігіндегі барлық өндірістің өрістері мен салаларында, әрбір кісіпорын және олардың бірлестіктерінде өркениетті заманауи кәсіпкерлікті қалыптастыру болып табылады. Кәсіпкерліктің, бірінші кезекте шағын және орта бизнестің даму деңгейі елдің барлық экономикалық дамуына байланысты.. Бизнес мемлекеттің экономикалық өсуіне әсер ететін көптеген мәселелерді шешуге қауқарлы. Кәсіпкерліктіктің дамуы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым елімізде бәсекелестік күшейеді, ресурстарды пайдалану нәтижелірек болады, соғұрлым елімізде импортқа деген тәуелділік азайып, жұмыссыздық пен кедейлік деңгейі төмендейді. Елбасы  Н. Назарбаев елімізде кіші және орта бизнестің дамуына аса назар қойған, осыған орай «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасы жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Үкіметі «Бизнес жол картасы 2020» Бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы (ППРК №168 2015 жылдың 31 наурызынан) қаулы қабылдады. Ағымдағы жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының №234 2016 жылдың 19 сәуіріндегі қаулысымен бағдарламаға өзгерістер енгізілді. «Бизнес жол картасы 2020» Бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасының қаржы агенті «Даму» фонды, кәсіпкерлердің ұлттық палатасы «Атамекен» және Әкімдіктер операторлары болып табылады. «Бизнес жол картасы 2020» Бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасы 2012-2020 жылдардағы моноқалалардың және Бизнес жол картасы 2020 бағдарламасының логикалық айқындауышы болып табылады. Бағдарламаның мақсаты қазақстандық кәсіпкерлерге өндірісті дамытуға көмек көрсету, өндірілетін өнімнің және қызметтің көлемін ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын құру және валюталық тәуекелге деген тәуелділікті төмендету. Сонымен қатар бағдарлама «Қазақстан-2030 Стратегиясы» және «Қазақстан жолы-2050 бірыңғай мақсат, бірыңғай қызығушылық, бірыңғай болашақ» жолдауында қойылған міндеттемелерге бағытталған.

Бірыңғай бағдарлама 4 бағытты қарастырады:

  1. Жаңа бизнес жобаларды қолдау.
  2. Салалық қолдау.
  3. Валюта тәуекелділігін төмендету.
  4. Қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну.

Бағдарламаның қатысушылары жеке және тиімді жобаларды жоспарлаушы, орындаушы кәсіпкерлер болып табылады.

бағдарламаның бірінші бағытының шеңберінде:

  1. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен салалық шектеуі жоқ моноқалаларда орындалып жатқан жобалар және тіркеу орны есепке алынбаған Кәсіпкерлер

бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде:

  1. бағдарламаның шеңберінде, бастапқы экономикалық секторларда іске асырылып жатқан жобалар;
  2. Мемлекеттік индустриялдық-инновациялық дамумен анықталатын, өңдеу өндірістеріндегі бастапқы салаларда орындалатын жобалар;

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.