Кәсіпкер бизнесін дамыту үшін мемлекеттен өтеусіз грант ала алады. Мемлекеттік гранттар байқау негізінде беріледі.

Байқаулық іріктеудің қатысушысы өз ісін бағдарлама бағыты шеңберінде орындайтын кәсіпкерлер, сонымен қатар ісін жаңа бастаушылар, жас кәсіпкерлер, әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан тұлғалар бола алады.

Жоба байқауға қатысу үшін грант көлемінің кемінде 10 % — ын кәсіпкермен қаржыландыруы қажет. Сонымен қатар, кәсіпкер «Бизнестің жол картасы 2020» немесе «Дорожная карта занятости 2020» бағдарламалары шеңберінде оқытудан өтуі тиіс.

Гранттың ең жоғарғы сомасы 3 000 000 теңгені құрайды.

Мемлекет грантының қаржысы сатып алуға жұмсалуы тиіс:

1) басты құралдар мен материалдарды;

2) бейматеиалдық активті;

3) технологияларды;

4) франшизаға құқылығын;

5) жаңа технологияны енгізетін, зерттеу жұмыстарымен байланысты шығындарды;

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.