«Бизнес жол картасы -2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы : Кәсіпкерлерге қаржылық қолдау келесі әдістер бойынша іске асырылады

Spread the love

1. Кредиттік/лизингтік келісім-шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау.
Кәсіпкердің борыштық жүктемесін жеңілдету үшін мемлекет кәсіпкердің несие немесе қаржы лизингінің пайыздық мөлшерлемесін өтеуге дайын, яғни оны субсидиялайды.
Субсидияға жаңа инвестициялық және тиімді жобалар, өнеркәсіпті жаңарту және кеңейтуге, айналым қаржысын толықтыруға бағытталған жобалар жатады.
Несиенің немесе қаржылық лизингтің ең жоғарғы сомасы:
— Бағдарламаның бірінші бағыты үшін – 750 млн. теңгеге дейін;
— Бағдарламаның екінші және үшінші бағыты үшін – 4,5 млрд. теңгеге дейін;
Несие немесе қаржылық лизинг келісім-шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесі 19% -дан аспауы керек, олардың ішінен мемлекет субсидиялайды:
ü бірінші бағыт шеңберінде – 10%, айырмасын кәсіпкер төлейді;
ü екінші бағыт шеңберінде экономиканың бастапқы секторларындағы жобалар 7%-ды құрайды, өңдеу өндірістеріндегі бастапқы салалардың жобалары бойынша 10%-ды құрайды;
ü үшінші бағыт шеңберінде – 6%, айырмасын кәсіпкер төлейді.
Бағдарлама шеңберіндегі субсидиялау жобаларының мерзімі 3 жыл, 6 жылға дейін созу мүмкіндігімен.
2. Кепілдендіру.
Әрбір кәсіпкер несие аларда кепілзат ұсынудың қажеттілігімен ұшырасады. Егер сіздің меншікті мүлкіңіз жеткіліксіз болса, «Даму» Қоры сізге кепілзатты алмастыратын кепілдік беруге даяр, сөйтіп сізге қажет көлемдегі несиені алуға мүмкіндік береді.
Кепілдендендіруге жаңа инвестициялық және тиімді жобалар, өнеркәсіпті жаңарту және кеңейтуге, айналым қаржысын толықтыруға бағытталған жобалар жатады.
Несиенің немесе қаржылық лизингтің ең жоғарғы сомасы:
— ісін жаңа бастаған, жас кәсіпкерлер үшін 20 млн. теңгеге дейін (бірінші және екінші бағыттағы шеңберлерде);
— әрекет етуші кәсіпкерлер үшін: Бағдарламаның бірінші бағыттағы шеңберінде – 180 млн. теңгеге дейін, екінші бағдарлама шеңберіндегі экономиканың бастапқы секторлары үшін – 360 млн. теңгеге дейін, бастапқы салалардағы өңдеу өндірістерінде – 1 850 млн. теңгеге дейін.
Несие немесе қаржылық лизинг келісім-шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесі 19% -дан аспауы керек.
Ісін жаңа бастаған, жас кәсіпкерлер үшін кепілдік мөлшемі несиенің 85% -на дейін құрайды, бастапқы экономикалық секторлар және өңдеу өндіріс салалары бойынша әрекет етуші кәсіпкерлерге – 50 %-ға дейін. Несие жобалары бойынша 360 млн. теңгеден 1 850 млн. теңгеге дейін бастапқы салалардағы кепілдік көлемі несиенің 20%-нан аспауы керек.
Сонымен қатар, айналым қаржысын 100% — ға толықтыруға бағытталған жобаларды кепілдендіруге рұқсат беріледі:
— ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін 20 млн. теңгеге дейін;
— әрекет етуші кәсіпкерлер үшін 60 млн. теңгеге дейін.
Бағдарлама аясында жобаларды кепілдендіру мерзімі — 5 жылға дейін, айналым қаржысын толықтыру несиесі үшін — 3 жылға дейін.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *