Қазақстанда да ұтымды әрі тиімді тәсілдерді игеру қолға алынып отыр. Елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағытына көңіл бөлініп, әлеуметтік маңызы бар салаларда жүзеге асырылып келеді. Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев: «Жекеменшік инвестицияларды тарту жөнінен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі орасан зор әлеуетке ие болып отыр. Біз Қазақстанда бұл тетікті іске қостық, бірақ та ол озық әлемдік  практикаға сәйкес жетілдіруді талап етеді», – деп пікір білдірген. Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамыту, мемлекет пен бизнес арасындағы тиімді байланысты нығайту мәселелері Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында да кеңінен айтылып келеді. Қазақстан Республикасының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің тиімді өзара іс-қимылы үшін жағдайлар жасау; инфрақұрылымды және халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерін дамыту үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің ресурстарын біріктіру арқылы мемлекет экономикасына инвестициялар тарту; халықтың, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі деңгейін және сапасын арттыру; Қазақстан Республикасындағы жалпы инновациялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуға жәрдемдесу. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүзеге асырылу тәсілі бойынша институционалдық және келісімшарттық болып бөлінеді.  Институционалдық мемлекеттiк-жекеменшік әрiптестiкті мемлекеттiк-жекеменшік әрiптестiк шартына сәйкес мемлекеттiк-жекеменшік әрiптестiк компаниясы iске асырады. Өзге жағдайларда мемлекеттiк-жекеменшік әрiптестiк келісімшарттық мемлекеттiк-жекеменшік әрiптестiк тәсілі бойынша жүзеге асырылады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.