Осы қағидатты басшылыққа алған «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Түркістан облысы бойынша филиалының мамандары бұл іске белсене араласып, мемлекеттік тапсырысты бөлу ісіне кәсіпкерлерді тартуға барынша атсалысуда. Мұны мемлекеттік тапсырысты бөлетін комиссияның құрамындағы кәсіпкерлердің саны 44 пайыздан 50 пайызға дейін артқанынан байқауға болады. Түркістан облысында дуальді оқытудың Жол картасына орта буынды оқу орындардан бөлек жекелеген кәсіпкерлік нысандарда көптеп қатысып, маман дайындау ісіне қатысты өз ойларын айтуды әдетке айналдырған. Сөзіміз дәлелді болуы үшін нақты цифрларды сөйлете кетсек.

БүгіндеТүркістан  облысы аумағында іске асып жатқан дуальді оқтудың Жол картасына 2 310 мекеме қатысуда. Оның 24-і колледж болса, 231-і өңірдегі жетекші кәсіпорындар. Осылайша, әр саланың мамандары басқосып, Түркістан облысындағы колледждерде  10 сала бойынша 24 мамандықты оқыту жұмыстарын жүзеге асырып жатыр.  Нәтижесі де кісі қызығарлық. Айталық, колледждерде 311 жас кәсіптік-техникалық мамандықты меңгеріп шыққан. Ал олардың жұмысқа қабылдануы 71 пайызды құраса, 1189 түлектің 79 пайызы жұмысқа орналасып, өмірден өз жолдарын тауып кеткен. Осы мәліметтерден-ақ Түркістан облысында кәсіптік-техникалық мамандықты дамыту бағдарламасы жоғары деңгейде дамып жастардың аяқтанып кетуіне септігін тигізіп жатқанын байқауға болады. Бүгінде дүниежүзінің дағдарысты жағдайды бастан өткеріп келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Дағдарыс Қазақстанды да айналып өткен. Жоқ. Осы ретте елімізде дағдарыстың екпінін бәсеңдету үшін бірқатар шаралар қабылданған болатын. Соның арқасында әлемдік экономикалық дағдарыстың салқынын анау айтқандай сезініп отырған жоқпыз. Әдетте дағдарыстың салқыны алдымен ірі кәсіпорындарға тиетіні белгілі. Ал шағын бизнес саласы мұндайда тез ес жиып, жаңа қиыншылықтарға қарсы иммунитет қалыптастыра алатынымен ерекшеленеді. Ал шағын бизнеспен айналысуға аңсары ауған адамның жаңа мамандықты игеруіне тура келетіні анық. Осы жайтты басты назарға алған Түркістан облысы әкімдігі мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аймақтық филиалы бірлесіп облыс көлемінде бизнеспен айналысуға ниеттенген азаматтарға бағыт-бағдар беретін 26 оқыту орталығын ұйымдастырған. Құрылған орталықтардың 20-сы өңірдегі іргелі кәсіпорындардың базасында құрылғанын айта кетуіміз керек. Өткен жылы кәсіпорындар жанынан құрылған 20 оқыту орталығында 852 жұмыссыз азамат келіп, жаңа кәсіпті меңгерген. Бүгінге дейін орталықта тәлім алған азаматтардың бәрі жаңа мамандықтарды меңгеріп, олардың 72 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылыпты. Осылайша, Түркістан облысында жаңа мамандықты меңгеріп, жұмысқа тұрып, бизнес ашып жатқан жұрттың қарасы артып келеді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.