Мыналарды:

1) конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінімдер дайындауды;

2) конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінімдердің сараптамасын (аудитін) жүргізуді;

3) Қазақстанның сатып алуы бойынша бірыңғай құрылымдалған

ақпараттық базаны қамтитын интернет көзіне қосуды;

4) кәсіпорынның/дара кәсіпкердің құжаттамасын мемлекеттік және өзге де сатып алуға қатысуы үшін жетілдіру мүмкіндігі тұрғысынан сараптауды (аудит);

5) сатып алуды ұйымдастырушылардың әрекетіне/әрекетсіздігіне шағымдануды;

6) қазақстандық қамтудың есебін;

7) сатып алудың жылдық жоспарлары негізінде Қазақстанның

мемлекеттік және өзге де сатып алуларының нарық сыйымдылығы бойынша

талдамалық есептер беруді қамтитын мемлекеттік сатып алумен, ұлттық

компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуымен

байланысты көрсетілетін қызметтер.

  1. Мыналарды қоса алғанда, менеджмент мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер:

1) өкілеттіктерді бөлу және кәсіпорынды басқарудың ұйымдық

құрылымын құру мәселелері бойынша консультациялар;

2) кәсіпорынның стратегиялық даму жоспарын (стратегиясын) әзірлеу бойынша консультациялар;

3) кәсіпорынның стратегиялық даму жоспарын (стратегиясын) әзірлеу;

4) корпоративтік басқару, корпоративтік саясат әзірлеу мәселелері бойынша консультациялар;

5) халықаралық нарыққа шығу стратегиясын әзірлеу бойынша консультациялар;

6) жобаларды басқару мәселелері бойынша консультациялар;

7) жобаның техникалық және қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу бойынша консультациялар;

8) қаржылық талдау және жоспарлау бойынша консультациялар;

9) кәсіпорынның кадр саясатын әзірлеу бойынша консультациялар;

10) кадрлық іс жүргізу бойынша консультациялар;

11) персонал еңбекақысының мәселелері бойынша консультациялар;

12) персоналды уәждеу, бағалау және ынталандырудың кешенді жүйесін әзірлеу бойынша консультациялар;

13) персоналды уәждеу, бағалау және ынталандырудың кешенді жүйесін әзірлеу;

14) кәсіпкерлерді жекешелендіруге қатысуға дайындау.

Жұмыс істейтін бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету шарттары

Сервистік қолдау экономиканың барлық секторларында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетіледі.

Кәсіпкерлер үшін мамандандырылған қызмет жеке консультациялар түрінде тегін ұсынылатын болады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.