«Бизнес жол картасы -2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы :  Әріптестіктің арқасында 893 жоба пайда болды

Spread the love

Ал келісімшарттық мемлекеттiк-жекеменшік әрiптестiк  концессия, мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу); лизинг; технологиялар әзірлеуге, тәжірибелік үлгі дайындауға, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынауға және аз сериялы өндіріске жасалатын шарттар; өмірлік цикл келісімшарты; сервистік келісімшарт;  мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің белгілеріне сәйкес келетін өзге де шарттар жасасу арқылы іске асырылады. Келісімшарттық мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің жекелеген түрлерін іске асыру кезінде «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік» туралы Заңмен реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының тиісті заңдарының ережелері, оның ішінде «Концессиялар туралы» Заңында көзделген ерекшеліктер қолданылады. Бүгінде елімізде Қазақстанның мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы жұмыс істейді. Бұл елімізде жаңа үлгідегі мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытудың алдыңғы қатарлы сараптамалық орталығы болып саналады. Бұл орталыққа мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласында жоғары білікті, бірегей білімді және тәжірибелі мамандар жұмылдырылған. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласында зерттеулер жүргізуге, инвестициялық жобаларды сараптау және оның іске асырылуын бағалауға бағытталып отыр. Біз жобаларға консультациялық қолдау көрсете отырып, олардың жүзеге асырылуына қолғабыс көрсетеді. Қазақстанның мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының 2020 жылдың сәуір айындағы мәліметіне сүйенсек, осы салада 893 жоба бар, оның ішінде жалпы сомасы 103,994 млрд теңге болатын 206 келісімшарт жасалған, ал жалпы сомасы 15 973 млрд тееңге болатын 81 келісімшарт тіркеу кезеңінде тұр. Сонымен қатар жалпы сомасы 394 896 млрд теңгенің 102 жобасы байқау кезеңінде болса, 733 147 млрд теңге сомасындағы 504 жобаның құжаттары реттелу үстінде.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *