Биылдан бастап елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласында жобаны жүзеге асыру жеңілдетілмек. ҚР Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларды қарастыру, бекіту және жүзеге асыру үдерістерін оңтайландыру әрі тездету мақсатында бюджеттік заңнамаға өзгерістер енгізді. Бұл өзгертулер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласында іскерлік белсенділікті арттыратын болады. Атап айтқанда «Бизнес жол картасы -2020» енгізілу қолға алынған. Бұл дегеніміз жеке әріптес және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары бойынша барлық процедуралар экономиканың әр саласына арнап мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларда жеңілдетілген форма бойынша жазылады, яғни қосымша сараптама өткізу қажеттілігі жоқ. Сонымен қатар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын жоспарлау үдерісі де оңтайландырылуда, енді жоспарлау 5 кезең емес 3 кезеңнен тұрады (инвестициялық ұсыныстың сараптамасы, байқау өткізу, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шартын жасасу), тізімнен жоба тұжырымдамасы және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарты жобасының сараптамасы алынып тасталды. «Жалпы мелекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын әзірлеу мерзімдері 7 айдан 3 айға дейін қысқарды. Осыған байланысты МЖӘ процедуралы анағұрлым қолжетімді болады, осылайша инвесторлар ұзақмерзімді капитал салымын жоспарлайтын болады. Сонымен қатар Сондай-ақ заңнамалық деңгейде кемінде 3 жыл мерзімге МЖӘ үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді тұтынудың кепілдігін қамтамасыз ету белгіленген. Заңнамаға өзгерістер енгізу арқылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікте креативті әрі қызықты жобалар саны арта түседі», – деді кәсіпкерлер палатасы экономикалық талдау бөлімінің бастығы Жанна Байқоңырова. Кәсіпкерлер палата сарапшыларының пікірінше, бизнестің мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке деген қызығушылығының төмендігі – жобалардың қымбат болуымен түсіндіріледі. Мәселен, балабақша салу бойынша мелекеттік-жекеменшік әріптестік жобасының құны 70-тен 140 млн теңгеге дейін шарықтап тұр. Бұған қоса кәсіпкер бастапқы кезеңде жобаға 10% жарна салуы тиіс. Бюджеттің аздығы немесе жоқтығы (инвестициялық/транзакциялық шығындарды өтеу) да мелекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларға қатысуға шешім қабылдауға кедергі келтіреді. Бүгінде жергілікті атқарушы органдармен бірге орындалып, тез таралып жатқан жобалар қатарында мектеп оқушыларын тамақтандыру, балабақша, тас жол салу, көшелерді жарықтандыру және тағы басқалары бар.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.