«Бизнес жол картасы -2020» бизнесті қолдау мен дамыту

Spread the love

«Біріншіден, өз бетімен күн көрушілер, аз қамтылғандар мен жұмыссыздар жаңа кәсіпті тегін меңгереді, өз біліктіліктерін көтереді, кәсіби даярлықтан және қайта даярлаудан өтеді. Оның үстіне мемлекет шәкіртақы төлеп, жатын орын мен жол ақысын төлеуге және жұмысқа орналасуға көмектеседі», — деп түсіндірді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры. «Бизнес жол картасы -2020» бағдарламасын жүзеге асырудың белсенді кезеңінің заңнамалық, ұйымдастырушылық, әкімшілік және қаржылық негіздерін дайындаудың ілкі жылы болғандықтан, барлық белгіленген шаралар өңірлерде іс жүзіне орындалу сатысында тұр деуге болады. Оның үстіне, есептіліктің мәліметтеріне қарағанда, өз бетімен күн көруші қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау көрсету құралдарына қызығушылығы күтілген деңгейден  асып түсті.   «Кадрларды қайта даярлау жоспары 2 469 адамды құраған, іс жүзінде оқуға жіберілген адамдар саны 2 689, бұл жоспардың 108,9 %. Біліктілікті көтеру жоспары —  832 адам. Іс жүзінде 909 қатысушы оқуға жіберілген, яғни жоспардан 109,3 % артық. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жоспары 2012 жылы 1 751 адам болса, іс жүзінде 3 265 адам жіберілген, немесе қаржы 186,5 %, толығымен игерілген

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *