Елбасы Н.Назарбаевтың “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне арналған болатын. Жолдауда халықтың әл-ауқатын арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік саланы қолдау мәселелеріне баса назар аударылды. Елбасы, әсіресе, экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын шағын және орта бизнестің бүгінгі дамуына тоқталып, оны ары қарай жандандырудың негізі жолдарын айқындады. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзартуды ұсынды. Осыған орай Түркістан қаласында өңір басшысының бірінші орынбасары Қайрат Нүкеновтің қатысуымен Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу салтанатына ҚР «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, өңірлік кеңес төрағасы Қайнар Абасов және облыстың бизнес өкілдері қатысты. Іс шара аясында облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Олжас Қаржауов қонақтарды палата кеңсесімен, онда көрсетілетін қызмет түрлерімен таныстырды. Кәсіпкерлер палатасының Түркістанға көшуі өңірдегі кәсіпкерлік саласының сапалы жұмыс істеп, сандық өсуіне едәуір көмек береді. Бұл өз кезегінде, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді.
Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.