Әлемдік дағдарысқа қарасмастан елімізде өнеркәсіп, ауылшаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Мемлекет тарапынна көрсетіліп жатқан көмектің арқасында шағын және орта бизнес дамуда. Өнім өндіру ісінде алда келе жатқан Түркістан облысындағы агробизнес пен тамақ өнеркәсібін дамыту басымды бағыттар болып табылады. Мәліметтерге сай, ірі қара малдың саны 2,5 %, жылқылардың саны — 6,8 %, қойлар — 1 %, құстар — 1,7 %, етті өндіру — 3,4 %, тауықтың жұмыртқалары — 10,4 % және сиырдың сүті — 2,3 % артқан. Мал шаруашылығы өркен жайған өлкеде ет экспортына бағытталған жобалардың бірі – Сайрам ауданында орналасқан бордақылау кешені. 21 гектар жерді алып жатқан бұл кешенде 500 бас ірі қара бар. Инвестициялық жобаның жалпы құны 73 миллион теңге. Ахмеджан Румандинов осындай нәтижеге жету үшін ОҚО кәсіпкерлер палатасының Сайрам аудандық филиалына жүгінген. Жергілікті мамандар кәсіпкерге «Үдемелі индустриялық-инновациялық» даму бағдарламасының бағыты «Агробизнес – 2020» бағдарламасы бойынша несие алуға ат салысып, бағыт көрсеткен.  Бүгінде мұнда оннан астам азамат жұмыспен қамтылып отыр.  Шаруашылық басшысы Ахмеджан Румандинов қолда бар қара малдың санын тағы екі есеге арттырып, өндірілген етті экспортқа шығармақ. Ол үшін ферма жанында мал сою бекеті де бар. Мұнда өндірілетін ет нарықтағыдан арзан болады. Өйткені, шаруашылық мал азығына керек дақылдарды өздері егіп, өздері дайындамақ.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.