Елбасы  Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында атап айтқан өңірлерді дамытудағы теңгерімсіздік — еңбек ресурстарының төмен мобилділігінің басты себебі болуда. Бүкіл әлемде жұмыс күші жұмыс орнын іздеп  барады, керісінше емес. «Жол картасы» бағдарламасында қабылданған дағдарысқа қарсы шаралар негізіне алынды, яғни уақытша шаралар жаңа жағдайдағы жұмыспен қамту стратегиясына айналды.  Женевадағы Халықаралық еңбек конференциясында Жұмыс орны туралы Пакт (GJP) қабылданды, онда еңбек және әлеуметтік салалар бойынша дағдарысқа қарсы  бірқатар шаралар ұсынылған. Пакттың кейбір бөліктері «Жол картасында» және кейіннен «Халықты жұмыспен қамту бағдарламасында» да ескерілді», — деп түсіндірді Халықаралық еңбек ұйымының Ұлттық үйлестірушісі Талғат Өміржанов. Халықаралық тәжірибеге бағытталып, ең үздік шешімдерге бейімделу – маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешудегі қазақстандық амалдың анағұрлым тиімді әрі айырықша ерекшелігі. Қол жеткен нәтижелерге көз салсақ, бұл практика өз жемісін беруде, сөйтіп, Қазақстанға күрделі дағдарыс жағдайында өзіне ғана тән ерекше әрі баға жетпес тәжірибе жинағандығы туралы мақтанышпен айтуға мүмкіндік беруде.    «Жұмыссыздық деңгейі 17-19%-ке жеткен 90-шы жылдар да басымыздан өтті. Соңғы жылдары, дағдарыс кезеңіндегі «Жол картасы» бойынша қабылданған шаралардың арқасында, сондай-ақ индустриалдық-инновациялық бағдарламаның арқасында жұмыссыздық деңгейі 5,4% дейін төмендеді», — деп атап өткен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Таяу  жылдары Үкімет жұмыссыздықты төмендету мен оған одан әрі қарсы тұрудың жаңа тетіктерін талқылауға ұсынады, сондай-ақ дамытудың түрлі салалық мемлекеттік бағдарламаларын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі шаралар жүйесі мен жаңа жұмыс орындарын құру бойынша біріктірудің мүлдем жаңа схемасын әзірлемекші. Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында тура осындай міндетті алға қойды.  «Үкімет пен әкімдерге қабылданған барлық бағдарламаларды кәсіпкерлікті дамыту және бизнеске қолдау көрсету бойынша біріктіруді, жұмыссыздық пен табысы аз жандардың жоғары проценті байқалатын өңірлерге бюджет қаржысын бөлу тетігін әзірлейтін болады

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.