Соның бірі «Түркістан Феникс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі . Бағдарлама бойынша іске қосылған жобалардың бірі.  Бағдарлама аясында бөлінген қаржыға бұрынғы құс фабрикасынан қалған ғимараттарды жөндеп, бройлерді бағып-күтуге арналған, құс қорасын жылыту және басқару жүйесі, инкубациялық және тоңазытқыш, құрама жем өндірісі, сою желісі жабдықтарын сатып алған. Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама шеңберінде жұмысын бастаған кәсіпорын облыс тұрғындарын сапалы, экологиялық таза құс етімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Біздің өңір қой, сиыр, жылқы етінен тапшылық көрген емес. Ал аймаққа құс етінің 80%-ы сырттан жеткізіледі. Енді жаңа фабриканың іске қосылуымен бұл мәселе де жолға қойылады. Кәсіпорын облыс экономикасына айтарлықтай үлес қосумен қатар, жергілікті азаматтарды жұмыспен қамтуда да үлкен көмек көрсетіп отыр. Мұнда «халал» стандарты бойынша жоғары сапалы құс еті шығарылады. Өнім жергілікті нарықпен қатар, Қазақстанның өзге өңірлеріне өткеріледі. Алдағы уақытта Ресей, Қытай, Вьетнам сынды елдерге өнімді экспорттау қарастырылып жатыр, – дейді серіктестіктің бас директоры.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.