Мен, Катаев Асқар Жолумбекұлы 1986 жылы наурыз айының 14 жұлдызы күні, ОҚО, Төлеби ауданында дүниеге келдім.
— 2002-2007 жылдар аралығында Қарағанды экономикалық университетінде «Құқықтану» мамандығын тәмәмдап, 2016-2017 жылдар аралығында Астана каласы, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында «Жергілікті басқару» мамандығы бойынша оқып, үздік магистр атандым.
— 2017-2019 жылдар аралығында Шымкент қаласы, Халықтар-достығы университетінде «Құрылыс» мамандығы бойынша білім алдым.
Алғашқы еңбек жолын 2011-2014 жылдары, Астана қаласы, «KEGOC» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамы, бас маман қызметінде болып бастап, 2014-2016 жылдары, Шымкент қаласы әкімінің аппараты, Шымкент қаласы әкімінің көмекшісі және бас инспектор қызметтерін атқарып, 2018 жылдан бастап, құрылыс саласында жеке кәсіпкер болдым. Қазіргі таңда «Анкор-2» ЖШС директоры және «ОС Тигр» ЖШС құрылтайшысы болдым.
Бүгінде біз дамудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Жағдайдың күрделі екеніне қарамастан біз даму мен өркендеу жолында одан әрі қадам басуға тиіспіз. Осы мақсатта, мен де еліміздің өркендеуіне, түйткілді мәселелердің шешілуіне өз үлесімді қосу мақсатында сайлауалды бағдарламамды жасап, «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысуды жөн көрдім. Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыты – тұрғындардың сапалы өмір сүруі үшін қажетті барлық салалар қамтылып, күрмеуі қиын мәселелердің шешілу жолдары қарастырылған.

Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:
— Шымкенттіктердің өмір сүру сапасын арттыру және Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени және рухани дамуының жалпықалалық бағдарламаларын сапалы орындауға жәрдемдесу арқылы қаланың инфрақұрылымын дамыту.
— коронавирус пандемиясының жалғасу қаупін ескере отырып, медицина саласына бірінші кезекте назар аудару, денсаулық сақтауға бөлінетін бюджет қаражатының ұлғаюы, медициналық мекемелердің сандық және сапалық өсуі, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, зейнеткерлер мен азаматтардың жекелеген санаттарына тегін медициналық қызмет көрсету.
— жастарды спорт секциялары мен мектептерге жаппай тарту, жас спортшыларды қолдау арқылы, балалар мен жас өспірімдерге спорт мектептерін баруына жағдай жасау арқылы салауатты өмір салтын қалыптастырамыз. Қаламыздағы өтіп жатқан түрлі спорттың іс шараларға жастардың ұдайы қатысуына ықпал жасау. Бұл үшін спорттың инфрақұрылымды дамыту арқылы дене шынықтыру және сауықтыру кешендерін ұлғайту, Воркоут аланшалардын көбеюіне көп қабатты тұрғын үйлердің аббаттандыру жұмыстарын қадағалау.
— жастар арасында шағын және орта бизнесті дамытуға, ықпал етуге, кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалардың несие желілеріне және оқыту курстарына жастардың қолжетімділігін қамтамасыз ету.
— жаңа өндірістерді ашуға және лайықты жалақысы бар жаңа жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу.
— табысты жеке компаниялардың тағылымдамадан өту, жұмыспен қамту және жастарды оқыту мәселелеріндегі әлеуметтік жауапкершілігін арттыру.
— кепілдендірілген атаулы әлеуметтік көмекті қамтамасыз ету және халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына, аз қамтылған азаматтарға, көп балалы аналарға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге тұрғын үй жағдайын жақсарту.
— жұмыс істеп тұрған балалар мен жасөспірімдер орталықтарын, спорт, музыка, көркемөнер мектептерін қолдау және жаңаларын ашу үшін бюджеттен қаржы бөлу, демеушілік қаражат тарту.
– биліктің өкілді және атқарушы органдары қызметінің практикасына «еститін мемлекет» қағидатын енгізіп, азаматтық қоғам құрылымдарын-үкіметтік емес ұйымдарды, этномәдени бірлестіктерді, гуманитарлық және қайырымдылық қорлар мен ұйымдарды, диалогтық алаңдарды жан-жақты дамыту.
– мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыруға жәрдемдесу-волонтерлікті, жастар бизнесін, бітіруші жас мамандардың міндетті жұмысқа орналасу бағдарламасын дамыту.
— құқық қорғау жүйесі құрылымдарының қызметін бақылау, сыбайлас жемқорлыққа және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға қарсы іс-қимыл.
Депутатыққа өзімді ұсынудағы мақсатым – Сіздермен тығыз байланыса отырып, тұрғындарды мазалайтын маңызды мәселелер мен міндеттерді өз деңгейінде шешу болып табылады.
Құрметті партияластар! Сіздерден біздің қаламыздың болашағына немқұрайлы қарамауларыңызды сұраймын. Сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларыңызды жасаңыздар. Сіз өз атыңыздан дауыс бере отырып, өзіңізге, өзіңіздің балаларыңыз бен жарқын болашақ үшін дауыс беретіндеріңізді есте сақтаңыздар.
Мен Шымкентті гүлденген, табысты және өмір сүру үшін қалай қолайлы ету керектігін білемін.
Сіздің қолдауыңызбен мұны істей аламын!
Біз бәріміз бірге барлық заманауи сын-қатерлер мен жаңа міндеттерді орындаймыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.