Қырғызстандық алыпсатар Равшан Хакимов 10 жылдан бері Мақтарал ауданының диқандарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келеді екен. Әлемнің ең тәтті қауын-қарбызы осы жерде өсетінін айтқан ол мақтаралдық өнімдерге Ресей Федерациясы тарапынан сұраныс жоғары екенін атап өтті. «Алғашқы қарбыз өнімін Ресейдің Якутия қаласына алып барып сатпақшымыз. Онда бару үшін кемінде 10 күн жол жүреміз. Диқандардан қарбыздың келісін 140 теңгеден сатып алудамыз және ол былтырғы бағамен салыстырғанда қымбат. Ал, Якутияда бағаның қалай болатынын әлі білмейміз. Мақтаралдың қауын-қарбызы ерекше тәтті дәмге ие. Сондықтан, Ресейде сұраныс өте жоғары» — дейді Равшан Хакимов. Кәсіпкер делдалдармен болған кездесуінен соң Жамантай Қанайұлы «Жанат» шаруа қожалығына атбасын бұрды. Шаруа қожалыққа қарасты 85 гектар жер бар болса, биыл соның 45 гектарына қауын, 40 гектарына мақта егіліпті. Қожалықтың төрағасы Ержан Асауов қауынның ең ерте шығатын «Аэропорт» сортын 70 күн бұрын егіп, бүгін алғашқы өнімдерін алуда екен. Сондай-ақ, ол қауынның келісін 400 теңгеден сатып жатқанын айтты. Айта кетейік, былтыр Түркістан облысының диқандары 1 миллион 300 мың тонна бақша өнімдерін өндірсе, соның 631 мың тоннасы мақтаралдық диқандарға тиесілі болатын.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.