Шымкент қалалық білім басқармасы «Алтын белгі» иегерлері мейлінше көп шыққан білім ұйымдарының тізімін жариялады.
Көш басында 46 «Алтын белгі» иегерімен High School мектебі тұр. Ал, 22 оқушымен үш тілде оқытатын №2 мамандандырылған мектеп- интернаты екінші орыннан көрінсе, 21 үздікті оқытқан №1 Білім-инновация ер балалар лицей-интернаты үштікті қорытындылап тұр.
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейінен – 15, С.Нұрмағанбетов атындағы №72 жалпы орта мектебінен – 14, М. Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №8 гимназиясынан – 13, Дарынды балаларға арналған №90 мамандандырылған дарын мектебінен – 12, А.Байтұрсынұлы атындағы №50 мектеп-гимназиясынан – 12, Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясынан – 10 түлек «Алтын белгіні» ақтап шыққан. Ал, үздік ондықта бірдей нәтиже көрсеткен 5 білім ұйымы — Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясы(😎, З.Космедеянская атындағы №23 мектеп-лицейі (😎, Ю.Сареми атындағы № 107 мектеп-лицейі (😎, №89 IT мектеп-лицейі(😎 Е.Юсупов атындағы №104 жалпы орта мектебі (😎 қорытындылап отыр.
Айта кетейік, 2021-2022 оқу жылында Шымкент қаласы бойынша 11 189 оқушы мектеп бітірді. Оның ішінде 444 түлек «Алтын белгі», 571 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды.
«Шымкент келбеті» — Замира АЛДАБЕРГЕНОВА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.