«Мен халқымның өз келешегіне сеніммен қарауы үшін еңбек еттім, қазір де, болашақта да осы мақсат жолында жұмыс істей беремін. Сол себепті, мен бүгін Қазақстан Республикасы Парламентінің қабырғасынан жаңа әлеуметтік бастамалар көтеріп, халқыма үндеу жариялағалы отырмын. Бұл қадам талайдан бері менің көкейімде жүр. Бірақ, Қазақстан алдымен бойына күш, қазынасына қаржы жинап, қуатты елге айналуы керек еді. Міне, сол күн де туды! Бұл – біздің қоғамның әлеуметтік бірлігін нығайту үшін жігерімізді жанып, нақты іске кірісетін сәт. Біз оны ауқымды әлеуметтік жобалар арқылы жүзеге асырамыз», — дейді Нұрсұлтан Әбішұлы. Елбасы әлеуметтік жаңғыруға бағытталған бес бастаманы халық назарына ұсынды. Олардың қатарында баспана алудың жаңа мүмкіндіктері, жалақысы төмен жұмысшылардың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту, шағын несие беруді көбейту, елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру мәселелері бар. Қазіргі таңда еліміз үшін баспана мәселесі ең өзекті. Қоғамның назарына ілікені де сол. Үйсіз-күйсіз жүргендер көп. Сондықтан да шығар Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасында» баспана мәселесі бірінші кезекте тұрғаны. Мұның өзіндік себебін Мемлекет басшысы түсініп тұр. Енді тек тиісті орындаушы органдар жүзеге асырса болғаны. Жайлы тұрмыс үшін баспананың алатын орны бөлек.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.