Республикалық ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов референдум бойынша Шымкент қаласына жасаған іссапары аясында шаһарымызда жаңадан ашылған «Белсенді ұзақ өмір» ардагерлер үйінің жұмысымен танысты.

Республикалық ардагерлер ұйымының төрағасы Б. Ізмұхамбетов және Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш. Мұқан бастаған қонақтарды аталған мекеменің басшысы М.Алданазарова күтіп алып, барлығы бірге орталық ішін аралады.

— Алдағы референдумға байланысты Шымкент қаласы тұрғындарымен кездестім. Түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Ал ардагерлерге қызмет көрсететін бұл ғимарат мені өте қызықтырды. Расында да барлық жағдай жасалған екен. Қариясын сыйлаған ел ешқашан жаман болмайды, — деді Бақтықожа Салахиддинұлы.

Айта кету керек, қалада бүгінде 83 мыңдай зейнеткер болса, аталған орталықта күн сайын 500 ардагер демалып, емделеді.

«Шымкент келбеті»- Әнуар ЖҰМАШБАЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.