Елімізде жұмыссыздық санын азайту мақсатында, көптеген мүмкіншіліктер қаралған. Солардың бірі – өз кәсібін бастағысы келгендер үшін мемлекеттік грантта тағайындалған. Бүгінде Шымкент қаласы бойынша жеке кәсіп басауға ниет білдірушілер саны артқан. Солардың бірі – 31 жастағы Мусаматова Шахло Бахтиерқызы.

Шахло – бала кезінен бері, техникалық бағытқа соның ішінде, компьютерлік қызмет көрсетуге қатты қызыққан. Ол өзінің бала күніндегі арманын орындап, Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығына жүгініп, мемлекеттік грант иегері атанып, өзі армандаған жеке кәсібін дөңгелетіп отыр.

-Мен мүгедектігі бар азаматша болсамда, бала кезімде арман еткен жұмысымда бастадым. Біздің елде жұмыс жасаймын, өзімді жетілдірімен дейтіндерге ешқандай тосқауыл жоқ. Қайта барлық мүмкіншілік қарастырылған. Бізге осылай қолдау көрсетіп отырған барша сала қызметкерлеріне алғысым шексіз, — деді Шахло.

Айта кету керек, ағымдағы жылы 1000-нан астам адамға мемлекеттік грант тағайындау жоспарланған. Бірінші лек (поток) бойынша 220-дан астам шымкенттік грантқа қол жеткізген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.