Қазіргі таңда 800 қой, 180 биесі бар. иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы Алмалы ауылдық округіне қарасты «Толықбек» ЖШС-нің директоры Ақатаев Асқар Толықбекұлы қарамағындағы 3 мың гектар егістік жерге егін егіп, бір ауылды мал азығымен қамтамасыз етіп отыр, деп хабарлайды MediaON.kz тілшісі. Бұл жерге бидай, арпа, мақсары сияқты масақты дақылдармен қоса 192 гектар жерге жоңышқа, 50 гектар жерге шем-шөптің тағы бір түрі — «эспарцет» деген көп жылдық шөптесін өсімдігін егеді. 1000 гектарға 250 тонна дән сеуіп, 3000 мың гектардан 4-5 мың тонна өнім алады. 30-ға жуық ауылшаруашылығына арналған техникасыз бар. 30 адамды жұмыспен қамтып отыр. Әр жұмысшы 50 мың теңгенің төңірегінде жалақы алады. Бұдан бөлек кәсіпкер мал шаруашылығымен айналысады. Қазіргі таңда 800 қой, 180 биесі бар. — Мал азығы өзімізден шығады. Мал өсіру – ата кәсібіміз, сондықтан малдың санын көбейтіп отырған жайымыз бар. Мал шаруашылығында 11 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Келер жылы мал азығын дайындайтын «Құрама-жем» зауытын ашамыз деп отырмыз. Бүгінде зауыттың құрылғыларын сатып алып қойдық. Алла жазса, алдағы жылы іске қосамыз, — дейді кәсіпкер. «Жер – ырыстың кіндігі» деген, көзін тауып, еңбек етсең жер ананың берері мол екенін кәсіпкер көпшілікке дәлелдеп отыр.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.