Таяуда Бәйдібек ауданына жол түсіп, тарихи өлкенің қазіргі тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан едік. Бізді қызықтырғаны ауданның соңғы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші болатын. 99% қазақтардан құралған аталмыш аудан соңғы жылдары біршама тәуір жетістіктерге жете бастағанының куәсі болдық. Ең бастысы елдің еңсесі тіктеліп, жағдайы дұрысталып қалыпты. Бәйдібек ауданы туралы сөз еткенде ең бірінші ауызға оралатыны ауыл шаруашылығы саласы. Өйткені бұл салада аудан халқының басым көпшілігі еңбек етеді. Сонау ерте заманнан мал шаруашылығын кәсіп еткен жергілікті тұрғындар бүгінде егін егудің де жай-жапсарын меңгеріп алған. Тіпті дәл осы егістік көлемін арттыру мен игеру ісі аудандағы ауыл шаруашылығы саласының басты бағыттарының бірі ретінде қарастырылып жүр. Биылғы ауа райының қолайлығы диқан қауымы мен шаруашылықтардың егін егуге ертерек қамданып, науқанның қарқынды жүргізілуіне себеп болған. Биыл аудан бойынша 80444 гектар жерге егін егу жоспарланыпты. Сондай-ақ күздік егін ретінде 26092 га жерге әртүрлі дақылдар себілуде. Шаруалар Құдай бұйыртса, биыл мол өнім аламыз деп қолдарын ысқылап отыр. Әсіресе, майлы дақылдардың көлемі 20 мың гектардан асып кеткен. Оған 1000 гектарға жуық жерге егілетін жүгері мен 500 гектарға жуық картопты қоссақ  диқаншылардың бірталай өнім алатын түрі бар.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.