Бүгінгі таңда Бәйдібек ауданы мақсарысымен аты шыққан өңір екені әмбеге аян. Қазірде бұл дақылға шетелден де сұраныс аса көп. Былтыр ауданда 23 мың гектарға мақсары егілгенін айта кетейік. Сонымен қатар,  биыл оның көлемі 43 мың гектарға жеткенін айта кеткен жөн. Мұндағы шаруалар бүгінде гектарына 7-8 центнерден өнім алып, облысымыздағы май өндіруші кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз етіп отыр. Жол бойы орақ науқанын қыздырып жатқан шаруалардың жұмысымен танысқан өңір басшысы алдағы жылдары ауданнан мақсары майын өндіретін кәсіпорын ашуға кеңес бергенін айтпай кетуге болмас. Боралдай ауыл округіндегі «Абердин–Ангус» тұқымды ірі қара мал шаруашылығына барып, жеке кәсіпкер Мақсат Назарбаевтың жұмыс жүйесімен таныс болды. 2015 жылы құрылған шаруашылық қорасында бүгінде 154 асыл тұқымды мал басы бар. 3500 гектар жері бар қожалық алдағы уақытта мал басын 2 мыңға жеткізуді жоспарлауда.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.