Осы мақсатта Түркістан облысында  жер учаскілерін түгендеу 3 бағытта жүргізіледі. Олар ауылшаруашылығы, жеке тұрғын үй салу және кәсіпкерлік мақсаттағы жерлер. «Бірінші бағыт бойынша  605,0 мың га игерілмеген жақ анықталып, оның 486,3 мың га аудандық арнайы жер қорына қайтарылды.  Анықталған және қорға  қайтарылған жер учаскілері бойынша 122 байқау өткізіліп, 2529 жеке және заңды тұлғалар оның жеңімпазы атанды. 316,7 мың га жер ауылшаруашылығы өнімін өндірушілерге берілсе, 144,0 мың га — заңды тұлғаларға үйлестірілді». Сонымен қатар, 9 айда жерді жалға беру және сату нәтижесінде бюджетке 1 млрд 402 млн 260 мың теңге түсті. Ал, мүлікті түгендеу аясында анықталған 27,3 мың га пайдаланылмайтын жер қожайыны жоқ ретінде тіркелді. «ЖТҮҚ саласына мақсатқа сай пайдаланылмай келе жатқан 16 мың 735 жер учаскісі анықталды. Олардың 7 605 мемлекетке қайтарылды, 8228 жерқожайындары үй сала бастады», — деп әкімдіктен толықтырды. Ал, кәсіпкерлік бойынша 561 жер учаскісі пайдаланылмай келе жатқаны белгілі болды. Олардың  43 мемлекетке қайтарылды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.