Алынған өнім аммерикалық технологиямен салынатын «20,0 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңын» жем-шөппен қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Осыған орай, «Жаңбырлатып суғару технологиясының» тиімділігін ескере отырып, елімізде кеңінен ендіруді қажет деп санаймыз және арнайы салалық бағдарлама әзірлеуді ұсынамын.

Екінші бағыт, кооперативтерге бірікпейтін 2-3 га жері бар агроқұрылымдар үшін бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу жобасын ендіру.

Аталған жоба 2019 жылы басталып, 3,0 млрд. теңгеге 107 жоба іске асып, 39,0 млрд. теңге болатын ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Қосымша 364 жұмыс орны ашылды.

Ағымдағы жылы 127 ауылдық округте 4,3 мың га 1587 жоба іске қосылды, алғашқы өнімін жинауды бастады. Бұл жобаның тиімділігі 1,0 га алқаптан жылына 6-7 млн. теңгеге дейін табыс табуға мүмкіндік беріп отыр. Үшінші бағыт жеке қосалқы шаруашылықтардың ауласына тамшылатып суғару технологиясын ендіру арқылы ерте пісетін көкөніс, картоп, бақша өнімдерін өндіру. Аталған технология әлемде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруден, экспорттаудан үздік елдердің бірі – Израиль мемлекетінде кеңінен ендірілген. Бұл жоба көп балалы аналарды, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларды жұмыспен қамтуда, жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. 10 соттық жерге тамшылатып суғару мен агротехникалық шығындарын қоса есептегенде 462,0 мың теңге шығын жұмсап, жалпы 850,0 мың теңге табыс табуға болады. Жобаны «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасымен бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант (530,0 мың тг.) есебінен қаржыландыруға болады. Қазіргі таңда, облыста 20 отбасы өтінім тапсырып, 7 отбасы қаржыландырылды. Аталған отбасылар алғашқы қырыққабат өнімін жинап, екінші қияр өнімін егуге кірісті. Аталған жобаның тиімділігі Израиль-Қазақстан сауда палатасы мамандарымен облыста кеңінен талқыланып, агроқұрлымдарға семинар өткізіліп, түсіндірілді. Қазіргі таңда қызығушылық артып отыр.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.