Ұлы Отан үшін күрескен шымкенттік ардагердің бірі — Утробина Вера Степановна. Қала әкімі майдангердің үйіне арнайы барып, Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерекесімен құттықтады.

Шаһар басшысы құттықтау сөзінде бүгінгі ұрпақтың ашық аспан аясын­дағы тыныш, ма­мыражай өмірі кешегі қиянкесті соғыста елі, жері үшін жаумен аян­бай арпалысқан ардагерлердің ер­лігінің арқасында келгенін, сол баба­ларымызды әрқашанда мақтан тұтып, құрметтейтіндігін айтып, ардагерге ұзақ ғұмыр тіледі.

Вера Утробина 1923 жылы 25 қыркүйекте Татар Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының Орлова ауылында дүниеге келген. 1942 жылы шілдеде Беларуссия майданына 61-армия құрамына жіберілді. 257 бөлімде атқыштар бригадасында басынан жарақат алып, 112 госпиталға түсті. 1945 жылы Германияның Нойрупен қаласына дейін келген.

«Ұлы Отан Соғысының ІІ-дәрежелі орденімен», «Германияны жеңгені үшін» және басқа да медальдармен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.