Шымкент: коммуналдық қызмет қардан тазалау жұмыстарына жедел кірісті

0

Шымкентте  бүгін түс қайтқаннан  бері толассыз қар жауып жатыр. Ауа райына байланысты қала аумағында қардан тазалау шаралары күшейтілді. Мегаполисте 891 шақырымды құрайтын 443 магистралды көше бар. Тазалық жұмыстарына жауапты мекемелер санитарлық және механикалық тазалау жұмыстарына кірісіп, тәулік бойы жұмыс істейді.

Абай ауданы аумағындағы ішкі орамдық көшелердегі аяқ жолдар және 165 аялдама қардан тазаланды.  Сондай-ақ 107 көпқабатты тұрғын үй үйлаларын тазалауға 10 бригада 210 жұмысшы жұмылдырылған. Қар тазалау жұмыстарын мердігер мекемелер “Sana global” ЖШС, “Шымкентспецкомлекс” ЖШС, “Desupport” ЖШС және “Абай” коммуналдық мемлекеттік мекемесі атқаруда. Жолдарға тайғаққа қарсы инертті материалдар себілді.

Ал Әл-Фараби ауданы аумағындағы басты көшелерді  тазалауға «Таза Өлке» ЖШС-і тарапынан 44 техника 237 жұмысшы жұмылдырылды. Ішкі орам көшелер мен аулаларды тазартуға «Жасыл ел» ЖШС, “Бәйтерек ЛБ” ЖШС тарапынан жұмысшылар тартылып, техникалар жұмылдырылды.

Еңбекші ауданының коммуналдық қызметі ауа райына байланысты жедел іске кірісті.

Басты көшелерді тазалауға

“ГРУППА ИНТЕКО” ЖШС-нен  150 адам кіріссе, кешкі уақытқа 50 адам тартылады. Көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары да кешкі уақытта тазаланады, дейді әкімдік мамандары.

Тұран ауданы аумағындағы орталық көшелерде қар тазалау жұмыстарына 34 техника 162 жұмысшы тартылды. Ал ішкі орамдық көшелердегі қарды 6 бригададағы 125 жұмысшы атқаруда.

Қаратау ауданында  «Қаратау» КММ тарапынан 18 елді мекенде үздіксіз қар тазалау жұмыстары атқарылуда.  Әсіресе коммуналдық қызметкерлер тротуарларды, жаяу жүргіншілер жүретін аймақтарды, қоғамдық көлік аялдамаларын, көпшілік пайдаланатын орындарды тазалап жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *