Шымкент: «Бақыт кілті» фильмі көрерменге жол тартты

0

Бүгін Жастар ресурстық орталығында режиссер Бақытжан Көшеровтың «Бақыт кілті» фильмінің премьерасы өтті. Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен түсірілген  кино қоғамдағы жастар арасындағы мәселелерді қозғайды.

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев сөз кезегінде  киноның өзектілігіне тоқталды.

Кинода  жастардың қоғамда  өздерін әдепті ұстауы, синтетикалық есірткінің адам өміріне кері әсері, құмар ойын, тұрмыстық зорлық-зомбылық жайы және мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беретін оқиғалар желісі көрсетіледі.

—Көрерменге жол тартқан бұл кино қазіргі таңда өзекті  мәселеге айналып отыр. Айналамыздағы жастар есірткіге тез бейімделіп, соның буынан шыға алмай жатыр. Тіпті, құмар ойынына әуес. Ал, түсірілімде әр адам өз бақытына  жету үшін алдынан шыққан кедергілерге қарамастан, әртүрлі әрекет жасайтын көрсеткіміз келді, — деді режиссер Бақытжан Шахмарданұлы.

Жастарға ой салған туындыны көрермен жоғары бағалады. Киноның соңында режиссер, сценарист және жас актерлер марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *