ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Шымкентке жұмыс сапарымен келді

0

1 шілдеден бастап ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары еліміздің маңызды аймақтарын аралып, халықпен кездесуді бастап кетті. Осы тұста ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Парламенттегі әлеуметтік-мәдени даму коммитенің мүшесі, мәдениет қайраткері, ақын Қазыбек Иса Шымкент қаласына жұмыс сапармен келді.  Жұмыс сапары аясында бірқатар мекемелерді аралап, халықпен кездесу өткізді.

Алғашқы жиын Шымкент қаласының

Мәдениет, тілдерді дамыту

және архивтер басқармасына қарасты Абай атындағы қалалық орталықтандырылған кітапханасында өтті.

Кітапхана ұжымы және оқырмандармен кездесу барысында, Қазыбек Жарылқасынұлы Ұлытау облысынан басталған жұмыс сапары мен Алтын орданың негізін қалаған Жошы ханның тарихтағы рөлін айтып өтті. Сондай-ак, оңтүстік өнірі мен Шымкент қаласының бай рухани және тарихи-мәдени мұрасын, салт-дастүрлерін тілге тиек етіп, Президенттің тың бастамалары негізінде атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарға тоқталды.

Жиында кітапхана қызметкерлері Мәжіліс депутатына мәселерін жеткізді. Олар жалақының аздығын және еңбек демалысын 30 күннен 45 күнге көбейтуді жеткізді. Қазыбек Исаның «Кітапханада» атты жинағы, кітапхана қызметкерлерінің бойтұмарына айналғандығын да ұжым атап өтті.

«Шымкент келбеті»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *