Түркістан облысының әкімі Шардара ауданы тұрғындарымен кездесуінде өзекті мәселелерді талқылады

0

Еліміздің түкпір-түкпірінде өңір басшыларының халықпен кездесулері басталды. Осы ретте Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 2024 жылғы 19 сәуірде Шардара ауданы тұрғындарымен кездесті. Өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларға тоқталды. Шардара ауданын дамыту жұмыстары туралы кеңінен айтып берді.

Шардара ауданының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қысқаша тоқталған облыс әкімі 2023 жылы өсім байқалғанын атап өтті. Жалпы өңірлік өнім көлемі 2020 жылдан бері 2 есеге өсіп, былтыр 113 млрд. теңгеге жетті. Биыл 3 айда бұл көрсеткіш 13,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11 пайызға өскен.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 3 жылда 9 пайызға өсіп, 2023 жылы 11 мыңға жуықтады. 

 Кездесуде шардаралықтар инфрақұрылым, ауыз су, кәсіпкерлікті қолдау, жеңілдетілген несие беру, субсидия беру және өзге де мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, өтініштерін айтты.

Облыс әкімі әрбір өтініш бақылауға алынып, тиісті жұмыс жүретінін жеткізді. Сонымен бірге аудандағы өзекті мәселелерді қозғап, оларды шешу бойынша аудан әкімі мен басқарма басшыларына тапсырмалар берді. Атап айтсақ, ауыз су мәселесін шешу үшін Облыстық энергетика басқармасы тарапынан республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін тиісті құжаттар ұсынылған. Ақшеңгелді және Достық ауылдық округтеріндегі жеке меншікке өтіп кеткен 8 каналды тазалау, сатып алу мәселесі талқыланып, тапсырмалар берілді.  

Кездесу қорытындысы бойынша аудандағы индустриалды аймақты кеңейтіп, инвесторларды тарту, балық шаруашылығы мен туризм саласын дамыту бойынша да нақты міндет жүктелді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *