Шымкентте қала күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

0

«Tulip hall» көпфункционалды кешенінде Қала күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты кеште Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қала тұрғындарын мерекемен құттықтады.

Мегаполис басшысы қаламыздың дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан тұрғындарды «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағымен марапаттады. Олардың қатарында Орынбай Рахманбердиев, Шерімқұлов Досыбай Айтбайұлы, Жандосова Баян Айтбекқызы, Қалыбекова Асма, Әбдіреев Өркен Әбдірайымұлы, Бөлегенов Ерғали Бөлегенұлы, Амангелдиев Момбек Әбдіәкімұлы, Оңбаев Серікбай Мейірбайұлы, Аққұлов Нұрғали Жақсыбекұлы, Тұрсынбеков Сержан Оразұлы бар.

Концерттік бағдарламада әлемдік және отандық классикалық музыка қорынан, сондай-ақ отандық композиторлар Е.Хасанғалиев, Е. Шакеев, Е.Серікбаев, Қ. Сапарбаевтың үздік туындыларынан әуезді  әндер шырқалды.

Мерекелік кеште Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Т. Күзембаев, қалалық Опера және балет театрының симфониялық оркестрі, «Қаған» вокалдық-аспаптық, «Қазына» ансамбльдері және заманауи бишілер тобы өнер көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *