Премьер-министр Олжас Бектенов Ауыл шаруашылығы министрінен шегірткемен күрес барысын сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет отырысында Бектенов Ауыл шаруашылығы министрінен «Шегірткеге қарсы қандай жұмыстар атқарылып жатыр?» деп сұрақ қойды.

Былтыр күздегі зерттеудің нәтижесі бойынша еліміз бойынша 2,5 млн гектар аумақ тіркелген. Бүгінгі таңда оңтүстік өңірлерде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мемлекет тарапынан 7,1 млрд қаржы бөлінген. Мердігерлердің бәрі белгіленді. Түркістан облысында 90 пайыз жұмыс жүргізілді. Енді 10 пайыз жұмыс қалды, айдың аяғына дейін аяқталады деп көздеп отырмыз. Алайда Өзбекстан жағы 50 пайыз шараларды жүргізген. Қазір шекара маңы басты назарымызда тұр. Жамбыл облысында да өңдеу жұмыстары жүргізіліп, 28 мың гектар аумақ өңделді, — деп жауап берді Айдарбек Сапаров.

Кейін Үкімет басшысы ведомствоға Түркістан және Жамбыл облыстарына көңіл бөлуді тапсырды. Сөзінше, өңір әкімдіктері мониторингті сапалы қамтамасыз ету қажет.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *