Әл-Фараби ауданы: 3 жылда 41 спорт алаңшасы салынған

0

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан 926 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 2023 жылы 39 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қаржы қаралды. Қазіргі таңда мердігер мекемелер тарапынан 24 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары атқарылды.

Атап айтқанда, Б.Момышұлы даңғылы №5 және №8А, Т.Айбергенов көшесі №5Б,5В, №1А,1Б,1Г және №1,5,5А, Д.Қонаев көшесі №13 – Ғ.Иляев көшесі №37, Рашидов көшесі №25А, Қабанбай батыр даңғылы №2,2А,2Б және №13, Есіл көшесі №5 және №6, Володарский көшесі №2А,2Б,2В және тағы басқа үйлердің аулалары абаттандырылды.

Аудан аумағында 108 ашық спорт алаңшасы бар. 2023 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 2 ашық спорт алаңша салу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда Сәуле шағынауданы атауы жоқ №3 көшеге және Жангелдин көшесі №14 үй ауласына ашық спорт алаңшасы орнатылып, тұрғындардың пайдалануына берілді. Соңғы 3 жыл ішінде аудан аумағында 41 ашық спорт алаңшасын салынып, халық игілігіне берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *