Абай ауданы әкімінің бастамасымен қала күні қарсаңында «Шымкент — менің сүйікті қалам» мерекелік шарасы өтті. Салтанатты шара аясында қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, жиын концерттік шараға ұласты.
— Шымкент — тарихы терең, қазақтың дәстүрі мен мәдениетін ерекше сақтаған, әлеуметтік-экономикалық тұрғыда да республикада алдыңғы орындағы қалалардың бірі. Шаһар өмір сүру жағдайы жайлы өңірге айналып, қала келбеті жыл сайын көркейіп келеді. Бүгінде заман талабына сай инфрақұрылым қалыптасып, жаңа шағынаудандар, кең көшелер, спорт алаңдары мен түрлі әлеуметтік нысандар бой көтеріп жатыр. Әр жыл сайын халық сұранысына қажетті спорт, мәдениет және әлеуметтік нысандарды көбейтуге күш салып келеміз, — деді Абай ауданы әкімінің орынбасары Н.Тілеш.
Жиын барысында Шымкенттің дамуына үлес қосқан белсенді азаматтар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, түрлі интеллектуалды ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға брендбуктар табысталды.

Фото тілші: Тұрсынбай Данияр

Копирайтер: Маханбеткарим Жасұлан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.