Ақпараттандыру, байланыс арналарын баптау. Жұмыс станциялары. 2022 жылы бөлімше тарапынан ауқымды іс-шаралар атқарылды. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа әкімшілік ғимараты қолданысқа берілуіне байланысты ескі ғимаратта орнатылған прокси-сервер, бірыңғай құжат айналым жүйесінің серверін және  және IP, VPN арналарын  жаңа мекен жайға ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Департаментің жаңа серверлік бөлмесін барлық талаптарға сай жабдықтау және температуралық режимнің сақталу тәртібін ескере отырып жабдықталды. Департамент аппарат қызметкерлерін жұмыс станцияларымен толық қамту мақсатында 74 моноблок таратылып тиісті базалар енгізіліп жұмыс қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сәуір айында бөлімше тарапынан аудандарға іссапар ұйымдастырылды, іссапар мақсаты жаңа ғимаратқа көшкенге дейінгі қолданыста болған 24 дербес компьютерлерді қала, аудан басқармалармен бөлімдеріне тарату, орнату, әдістемелік көмек көрсетілді (Сайрам ауданы 5 дана, Төлеби ауданы 2 дана, Түлкібас ауданы 1 дана, Қазығұрт ауданы 1 дана, Ордабасы ауданы 1 дана, Сарыағаш ауданы 2 дана, Келес ауданы 3 дана, Жетісай ауданы 2 дана, Шарадара ауданы 1 дана, Отырар ауданы 1 дана, Арыс қаласы 2 дана,   Сауран ауданы 1 дана,   Кентау қаласы 2 дана). Департаменттің ішкі байланыс жүйесін құру аясында 5 сан нөмірлі SIP телефондары орнатылды.

Құлақтандыру жүйесі бойынша. Түркістан қаласының қалалық әкімдігінде орнатылған ретрансляторды Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің оқу мұнарасына «Маяк Broadcast» ЖШС қызметкерлерімен бірлесе отырып орнатылды. Құлақтандыру жүйесіне тоқсан сайын техникалық тексеру жұмыстары жүргізіліп, атқарылған жұмыстар нәтижесін жетекшілік ететін Департаментке баяндалды. Құлақтандыру жүйесіне көрсетілетін техникалық қызмет көрсету жұмыстарына қажетті қаражат бөлу жұмыстарын пысықтап, техникалық ерекшеліктер әзірленді.

Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметі. Департаменттің жаңа әкімшілік ғимаратының қолданысқа берілуінен МӨСБ-1 орналасқан Дағдарыс жағдайларындағы басқармасын және Күштермен құралдарды басқару орталығының бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметін толығымен Департамент ғимаратына көшірілді. Осыған орай «112», «101» қызмет арнасына жалпы саны 9 байланыс құрылғылары беріліп микробағдарламалары орнатылды. Облыс аумағында орнатылған құлақтандыру жүйелерін орталықтан басқару пульті Дағдарыс жағдайлар басқармасының кезекшілік ететін бөлмесіне орнатылды.

Қысқа толқынды радиостанция.  Республикалық деңгейді қамтитын қысқа толқынды радиостанцияны Департамент ғимаратының үстіңгі бөлігіне орнатылды. Қазіргі таңда жұмыс қалпында.

Антивирусты бағдарлама. Департаменттің және оның ведомстволық бағынысты бөліністерінде орнатылған жұмыс станцияларын залалдағыш вирустардан, вирусты шабуылдардан қорғау мақсатында Министрлік тарапынан орталықтандырылған түрде 150 дана лицензияланған антивирус бағдарламалын орнату жұмыстары пысықталуда.

Ескі 5Ф88, П-160, 165 құлақтандыру жүйелерін есептен шығаруға дайындау. 2021 жылы демонтаждалған ескі 5Ф88 және П-160, 165 аппаратураларын түгендеп Өрт сөндіру бөлімдерінің қоймаларына қойылды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.