Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйцмдастыруымен Tulip Hаll сарайында АЭС мәселелерін талқылау бойынша кездесу өтті.

Жиынға мәдениет басқармасына қарасты мекемелердің қызметкерлері, М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің техника ғылымдарының кандидаты, доцент Рамиль  Ильясов және студенттер қатысты. Жалпы, 200-ге жуық адам жиналған іс-шарада жан-жақты ойлар мен ғылыми дәлелдемелер айтылды.

— Атом электр станциясының құрылысы тек энергетикалық қауіпсіздік қана емес, Қазақстанның болашағына арналған ұзақ мерзімді инвестиция. Атом энергиясы әлемдегі ең таза және сенімді энергия көзінің бірі болып табылады. Бұл қазба ресурстарына тәуелділіктен арылу және көміртегі шығарындысын айтарлықтай азайту мүмкіндігі болып табылады. Азаматтардың ел болашағы туралы шешім қабылдауға белсенді қатысуы аса маңызды. Сондықтан бұл мәселе бойынша алдағы республикалық референдумның ерекше мәні бар. Бұған дейінгі АЭС -ның жарылуы адамдарға қорқыныш ұялатқан. Бірақ бұған себеп техникадан емес, адами фактордан болып отыр. Алдағы уақытта сол қателік біздің елде болмайды деп сенеміз. Ақын, Ринат Зайытов өзінің бір сөзінде «АЭС салынады деп қорықпаймын. Жұрт болып дауыс берген соң, салынбай қалама деген қорқыныш бар» деген еді. Сондықтан, АЭС игілігін барша жұрт көру үшін оның құрылысын айтылған, жоспарланған межеде салынуы керек,-дейді Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Анар Жаппарқұлова.

Жиын соңында Мәдениет басқармасына қарасты мекемелерден келген қызметкерлер Президенттің бастамаларына қолдау білдіріп, жобаны жүзеге асыруға қатысты өз ұсыныстары мен тілектерін айтты. Сондай-ақ, еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін әрбір азаматтың саналы таңдауының маңыздылығы сөз болды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *