«Дарбаза» оқу полигонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасына осы күзде шақырылған жүз алпыс сарбаз жауыгерлік кедергі жолағын уақытқа еңсеріп, нағыз танкпен шайқасқа түсті.
Басында әскери бөлімде барлық сарбаздар теориялық дайындық курсынан өтіп, танктердің, атыс қаруларының және қол гранаталарының тактикалық-техникалық сипаттамаларымен танысты.
Жаттығуларды бірінші болып сабақ жетекшілері мен сержанттар құрамы орындады. Олар әскери қызметшінің жаралануын имитациялай отырып, кедергілер жолағынан өтті, сондай-ақ өтіп бара жатқан танктің астындағы жертасада болған кезде алатын теріс психологиялық әсердің барлық тәсілдерін өздеріне сезінді.
Аға тәлімгерлерінің мысалынан кейін кезек сарбаздарға да келді.
Танк қозғалтқышының дыбысы мен оның шынжыр табандарының дауысы астына түскен сарбаздар нақты жауынгерлік жағдайларға дайын болу қаншалықты маңызды екенін түсінді. Гранатаның дұрыс лақтырылуы ептілік пен дәлдікті қажет етті, өйткені олардың сенімділігі ғана емес, болашақта жаумен сәтті күресу мүмкіндігі де осыған байланысты болды.
Жас сарбаздар жиынының бастығы подполковник Қуаныш Айдынғалиев бұл жаттығулар физикалық дағдыларды дамытып қана қоймай, өз қабілеттеріне деген сенімділікті қалыптастыратынын атап өтті. Жас сарбаздар топта әрекет етуді, бір-бірін қолдауды және қорқынышты жеңуді үйренеді.
— Мұндай далалық шығулар сарбаздарды даярлаудың ажырамас бөлігі болып табылады. «Танкпен шайқас» — бұл жай ғана жаттығу емес, жауынгерлерге жақсы психологиялық дайындық беретін нақты сынақ. Сонымен қатар, мұндай жаттығулар сарбаздарға жауынгерлік жағдайда жылдам реакция мен дәлдіктің маңыздылығын түсінуге көмектеседі, — деп атап өтті подполковник Қуаныш Айдынғалиев.
Сабақ соңында бөлімше командирлері қорытындыларын шығарып, сарбаздарды тапсырмалардың сәтті орындалуымен құттықтап, одан әрі әскери қызметте табыс тіледі. Жас сарбазздар курсы аяқтағаннан кейін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер Отанына адал болуға ант береді.