Күз келіп, күн салқындады дегенше, тұмау келді десек болады. Қаламызда 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы тәуекел тортарға тегін екпе егу басталады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу: вакцинация және дәрігерлердің ұсыныстары» тақырыбында өткен брифингте айтылды.

– 2024 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен тәуекел тобындағы адамдарды вакцинациялау үшін «Гриппол Плюс» үшвалентті тұмауға қарсы вакцина, 150 мың доза Ресей мемлекетінде өндірілген «Петровакс Фармның» тривалентті инактивацияланған вакцина сатып  алынды. Қазіргі уақытта вакцина Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының қоймасына келіп түсті, қаланың медициналық ұйымдарына таратылуда. Бұл науқанға толық дайынбыз деп айта аламыз, – дейді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Дүйсенбаева.

Басқарма өкілінің айтуынша 2024 жылы 150 000 адамға тұмауға қарсы иммундау жоспарланған, бұл жалпы халықтың 12,0 — 12,5 пайызын құрайды. Ал тәуекел топ деп, медицина қызметкерлерін, өмірдің алты айынан асқан жиі ауыратын балалар, білім беру ұйымдарының, балалар үйлерінің балалары, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметтерін алушылар, жүрек-қантамыр жүйесінің, тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша адамдар, екінші немесе үшінші  триместрдегі жүкті   әйелдерді айтамыз.

Вакцинаны 6 айлық балаларда, жүкті әйелдерде жүктіліктің 2-3 триместрінде, ересектерде жас шектеусіз қолдануға рұқсат етіледі. Тұмауға қарсы Вакцинация тұрғылықты жері немесе тіркелген жері бойынша емханалардың егу кабинеттерінде жүргізіледі.

Дегенмен ЖРВИ/тұмаумен сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық ахуалы қалада тұрақты. «2024 жылдың 8 айында өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен ЖРВИ аурушаңдығының 14,15%-ға төмендегені байқалған, тұмау 1,66 есеге жоғарылаған» дейді мамандар. «Қалада ковид өршіп тұр, карантин енгізіледі екен» деген әңгімені естіп қаламыз. Осыған байланысты да сұрақтар туындап, мамандардан жауап алдық. 

– 2024 жылдың басынан Шымкент қаласында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы тұрақты, дегенмен соңғы айларда коронавирусты инфекцияның өсуі байқалады. Осы жылдың 8 айында  COVID-19  инфекциясымен 74 жағдай тіркелді, оның ішінде симптоммен – 74, симптомсыз – 0. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 16 жағдай тіркелді. Қайтыс болған жағдайлар тіркелмеді. Барлығы 74 коронавирус инфекциясының ошағы анықталған, оның ішінде  8-і ұйымдасқан ұжымдарда тіркелген. Ауру анықталған барлық тіркелген үй ошақтары мен ұйымдастырылған ұжымдарда індетке қарсы іс шаралар жүргізіліп, қарым-қатынастағылар анықталып, «COVID-19»-ға медициналық бақылауға алынған, олардың арасында ауырғандар тіркелген жоқ, – деді Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары Айгүл Тұрымбетова.

Сондай-ақ, 1 қыркүйектен бастап медициналық ұйымдардың тұмауға қарсы иммундау науқанын жүргізуге дайын болуы пысықталып, медициналық ұйымдарда медицина қызметкерлерінің бетперде кию режимі енгізілген. 

Мектептер мен медициналық ұйымдардың кіреберісінде ЖРВИ және тұмау белгілері бар науқастарды анықтау үшін тиісті көрсеткіштері бар «сүзгілерді» ұйымдастыру және жабдықтау тапсырылған.

 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *